×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстан биыл қанша тонна бидайды экспортқа шығарады

21.09.2021, 08:26

Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша, әлемдегі бидай жинау науқаны күрделі болып отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ауа райының қолайсыз болуы – астық шығымының төмендеуіне ықпал етті.  Қазақстанда дәнді дақылдар мен майлы дақылдарды жалпы жинауды 18 млн тоннаға, соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды 16 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні егін жинау жұмыстары 95 пайызға жуық орындалды. Биылғы құрғақшылықтың салдарынан бидай көлемі азайса да, еліміздегі бидайға деген ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілді. 6-6,5  млн. тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар», - деді Асқар Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, жаңа астықтың сапалық көрсеткіштері айтарлықтай жоғары. Дәнмаңызы 28 пайыздан жоғары бидай көлемі - жиналған астықтың жалпы көлемінің 74 пайызына жеткен. Әлемдік нарықта осындай сапасы жоғары бидайға сұраныс жоғары екенін ескеру қажет.

«Форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында «Азық-түлік корпорациясына» бидай жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Облыстардың әкімдіктері мен Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинауды аса қысқа мерзімде аяқтау керек. 2022 жылға қажет болатын тұқым қалдыруды да қамтамасыз етсін. Индустрия министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірге астықты тұрақты тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шараларын қабылдасын», - деді премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары