Израиль премьер-министрінің кеңсесі Хамасты кейбір келісімдерден бас тартып, кепілге алынған адамдарды босату туралы келісімнің аяқталуына кедергі келтіріп, "соңғы сәтте дағдарыс" туғызып отыр деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ИЗРАИЛЬ ТАРАПЫ НЕ ДЕЙДІ
Израиль үкіметінің мәлімдемесінде ХАМАС келісімдерді бұзды, соғысты тоқтатуға мүмкіндік бермеді, деп жазады Times of Israel. Делдалдар Израильге Хамастың келісімнің барлық элементін қабылдағаны туралы хабарлағанға дейін Израиль министрлер кабинеті жиналмайды, деп хабарлайды басылым.
Катар премьер-министрі Израиль мен Хамас атысты тоқтату туралы келісім жасасқанын жариялағаннан кейін Газа секторында адамдар көшеге шығып қуанышын білдірген еді. Вашингтон мен Еуропа елдерінің астаналары келісімді құптады. БҰҰ Бас хатшысы оны "серпіліс" деп атаған.
Қуанған адамдар Юнис, Дейр балах және Газа секторының басқа қалаларының көшелеріне шықты. Олар от жағып, жеңіс ұрандарын айтып, қол шапалақтады, билеп қуанысты.
Алты апталық атысты тоқтату келісімі соғыстың түпкілікті аяқталуына әкелетін келіссөздерді жүргізуге мүмкіндік береді, дейді АҚШ-тың қазіргі президенті. Оның айтуынша, Байден әкімшілігі мен жаңадан сайланған президент Трамптың командасы мәміле келіссөздерінде "бір команда ретінде әрекет еткен": Трамптың Таяу Шығыстағы жаңа өкілі Стив Уиткофф Ақ үйдің кеңесшісі Бретт Макгеркпен ойлары бір жерден шыққан.