×
529.7
545.96
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.7
545.96
5.17

ҚМДБ Қазақстандағы квадроберлерге қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ Қазақстандағы квадроберлерге қатысты мәлімдеме жасады
Ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) квадроберлерге қатысты пәтуаны жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШАРИҒАТ 

ҚМДБ мәліметінше, квадроберлік — бұл адамның жануарларға еліктеуі, яғни маска, құйрық немесе құлақ киіп, олардың қимыл-әрекетін, өмір сүру салтын қайталауы. Алайда шариғат бойынша, адам ақыл мен сана иесі ретінде басқа жаратылыстардан үстем етілген.

— Осы аяттардан түсінетініміз, адамның өзін жануарға ұқсатуы, оның деңгейіне түсуі, төрт аяқтап жүруі — бұл ерекшелік емес, қайта адамның өзін қорлауы болып саналады. Тіпті әйелдің ер адамға, ер адамның әйелге еліктеуі шариғатымызда тыйым салынған, — деп мәлімдеді ҚМДБ баспасөз қызметі.

Дегенмен адамды жануарға метафоралық мағынада теңеу (мысалы, батырды арыстанға, айлалы адамды түлкіге теңеу), сондай-ақ театр қойылымдары мен балалар ойындары квадроберлік ұғымына жатпайды.

— Квадроберлік, яғни жануар деңгейіне түсу, олардың дауысы мен әрекеттеріне еліктеу шариғатта қатаң тыйым салынады, — деп қосты ҚМДБ.

Айта кетейік, Ұлыс тілшілері депутат даурыға көтеріп отырған мәселені аз-кем зерттеп көрген.

КВАДРОБИКА ШЫНЫМЕН ҚАУІПТІ МЕ?

Квадробиканың балалардың психикасына теріс немесе оң әсері туралы толыққанды зерттеулер әлі жоқ. Балалар психологы Александра Бугаеваның айтуынша, квадробика ойын әрекеті арқылы тұлғаның дамуына ықпал етеді. Маманның пікірінше, кәсіби айналыспайынша бұл үрдіс ойын ретінде қала бермек.

«Баланың психикасы оның ересею жолындағы мәселелерін шешуі керек, сондықтан квадробика оған бұл жерде жақсы көмектеседі. Егер баланы квадробикадан басқа ештеңе қызықтырмай жатса алаңдауға толық негіз бар, – дейді Бугаева.