Ақтөбеде үш адамды кепілге алған күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, тергеу соты 40 жастағы күдіктіні екі айға қамауға алу туралы санкция жариялаған.
БҰҒАН ДЕЙІН
14 қаңтарға қараған түні Ақтбеде белгісіз біреу бір отбасының үйіне басып кіріп, үш адамды кепілде ұстаған болатын. Оқиға орнына жедел түрде полиция, жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар келіп, аймақ қоршауға алынды.
КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Артынша Ақтөбе облысының полиция департаментінің басшысы Абай Жүсіпов адамдарды кепілде ұстаған қаскүнем ұсталғанын хабарлады.
ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Оқыс оқиғадан жалпы үш адам зардап шеккен: 75 жастағы ер адам, 67 жастағы әйел адам мен олардың қызы. Қыздың ата-анасы қайтыс болды. Олардың біреуі ауруханаға барар жолда, біреуі ота жасау кезінде қайтыс болған.
15 қаңтарда кепілге алынған әйел ауруханада есін жиды.