×
529.65
544.64
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.65
544.64
5.16

Қазақстандағы АҚШ елшісі зейнетке шықты

Бүгін, 17:16
Қазақстандағы АҚШ елшісі зейнетке шықты
Газета Уз

Дэниел Розенблюм 20 қаңтардан бастап қызметінде болмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

28 ЖЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Әлеуметтік желідегі парақшасында елші Қазақстан халқына алғыс айтты.

Құрметті, Қазақстан халқы! Менің қымбатты достарым мен әріптестерім! Сіздер білетіндей, жан-жақты ойлана келе мен 20 қаңтардан бастап Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінен зейнетке шығу шешімін қабылдадым. Бірнеше айдан кейін АҚШ мемлекеттік департаменті 28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын. 

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін атқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл достықты нығайту, серіктестіктерді қалыптастыру және екі ел арасындағы байланысты күшейтуде бірлескен жұмыс жүргізу сияқты керемет үлкен жол болды, – дейді Дэниел Розенблюм.

Розенблюм Қазақстанның 17 өңірін аралап шыққанын айтты. Қаншама кәсіп иелерімен, мамандармен, сарапшылармен кездескенін, қайда барса да қонақжайлық көргенін жеткізіп, бәріне алғысын білдірді.

ЕЛШІМЕН СҰХБАТ

Осыдан аз уақыт бұрын Дэниел Розенблюм Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға эксклюзивті сұхбат берген еді. Сұхбат барысында демократиялық құндылықтар, адам құқықтары және Қазақстанның ішкі мәселелері де талқыланды. Әлемде соғыс жүріп жатқандықтан, геосаясат Қазақстан үшін аса маңызды рөл атқарып отырғаны да айтылды. Дональд Трамптың билікке келуі бүкіл әлемдік қауымдастықтың саяси стратегияларын өзгерту мүмкіндігі айтылған.