×
529.65
544.64
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.65
544.64
5.16

Полиция сатиралық QazNews24 паблигінің авторы ұсталғанын растады

Полиция сатиралық QazNews24 паблигінің авторы ұсталғанын растады

Алматының полиция департаменті QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еркебектің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ПОЛИЦИЯ ПІКІРІ

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы әлеуметтік желілерде жарияланымдар арқылы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен бір пабликтің авторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері QazNews24 сатиралық паблигінңң авторы Темірлан Еркебектің үйіне тінту жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұл оны қудалаудың бірінші жағдайы емес.

Егер белсенділердің ақпараты расталса, бұл сатириктің алғаш рет қудаланғаны емес. 2021 жылдың мамыр айында полиция Ергебекті ҚР ҚК 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айыптап, тергеу амалдарын жүргізілген.

Автор өз паблигі тек сатиралық материалдарды жариялайтынын, ал нақты оқиғалар мен адамдармен кез келген сәйкестік "абсолютті кездейсоқтық” екенін атап өткен. Өз ресурсын ол "сатиралық жаңалықтар ақпараттық агенттігі” ретінде көрсетеді.