×
530.12
546.08
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.12
546.08
5.17

️ТикТок АҚШ-та жұмысын тоқтатты

Бүгін, 09:45
️ТикТок АҚШ-та жұмысын тоқтатты
Фото: Global Look Press/Cfoto

АҚШ билігі салған тыйымға байланысты TikTok АҚШ-та жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuter агенттігіне сілтеме жасап.

Федералды тыйым күшіне енгенге дейін-ақ оның қызмет етуі АҚШ-та тоқтатыла бастаған. Себебі қолданбаны ашқан кезде пайдаланушыларға TikTok қолжетімді емес деген хабар келген, деп жазды Reuters.

«АҚШ TikTok-қа тыйым салатын заң қабылдады. Өкінішке қарай, бұл TikTok қолданбасын енді пайдалана алмайтыныңызды білдіреді. Біз президент Трамп қызметіне кіріскеннен кейін ТикТокты қалпына келтіру жолында бізбен бірге жұмыс істейтінін айтқаны үшін қуаныштымыз. Жаңартуларды күтіңіз», делінген қолданба хабарламасында. 

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Конгресс бекіткен тиісті заңды елдің Жоғарғы соты бір ауыздан конституцияға сай деп шешім шығарды. Яғни конгресмендер әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салу сөз бостандығын шектеу болып саналмайды деген ұйғарым жасап отыр. Жаңа заңға сай бүгін әлеуметтік желі АҚШ аумағында жұмысын тоқтатты.

АҚШ САТЫП АЛМАҚ

Дәл қазір қосымшаны телефонға жүктеу мүмкін емес. Талап бойынша TikTok алты айдың ішінде негізгі иесі қытайлық компаниядан бөлініп шығып, америкалық компанияға сатылуы тиіс болған. Бірақ әлеуметтік желі иесі бұған келіспей жоғарғы сотқа шағым түсірген.

ТРАМПТЫҢ УӘДЕСІ

Қайта сайланған Дональд Трамп та TikTok-ты жабуға қарсылық білдіріп, Жоғарғы сотқа өтініш айтқан еді. Алайда онысы қолдау таппады. Енді, заң бойынша президенттің әлеуметтік желі иесіне тағы үш ай уақыт беруге құқы бар. Дональд Трамп лауазымына кіріскен күні арнайы қаулы шығаруы мүмкін дейді сарапшылар. Олай болмаған жағдайда 170 миллион америкалық қолданып отырған әлеуметтік желі жұмысын толық тоқтады. Трамп бұл мәселені Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп талқылағанын да мәлімдеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетсек, Tik-Tok Apple және Google-дің қолданбалар дүкенінен жойылатынын хабарлағанбыз.

Ал бүгін, 19 қаңтар күні (Қазақстан уақытымен ертең, 20 қаңтар) АҚШ-та Трамптың инаугурациясы өтеді. Бірақ АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзінің инаугурациясын далада емес, Капитолий ғимаратында өткізуге шешім қабылдады. 

Сол ұлықтау рәсіміне АҚШ Конгресі қазақ қызы, белгілі саяси технолог, АҚШ Мемлекеттік департаментінің TechWomen бағдарламасының түлегі Дина Шайхисламды да шақырды.