Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты көлік қозғалысына тағы да шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
“2025 жылғы 19 қаңтарда сағат 19:00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні маршруттарында қар жамылғысының жиналуына және тұрақсыздығына және қар көшкінінің өздігінен түсу қаупіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахманов кілттері" автожолының учаскесінде 6-66 ш, Ушанов а. - Серебрянск қ. учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулерін енгізеді”, делінген ұлттық компания хабарламасында.
Жолды ашу 2025 жылғы 20 қаңтар күнгі сағат 06:00-ге жоспарланған.
Сондай-ақ “ҚазАвтоЖол” 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын қоса кетті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске сала кетсек, ШҚО-да қар көшкіні жүріп, жолды жауып тастады.
Сондай-ақ осы облыста тас жолдың бір бөлігі қар көшкіні салдарынан жабылған еді.
Ал қаңтар айының басында ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында қар көшкіні қаупі барын ескертті.
Содай-ақ былтыр желтоқсан айының соңында Шығыс Қазақстан облысында қолдан ұйымдастырылған жарылыстардың көмегімен таудан 2 мың текше метрден астам қар тау тегіне түсірілген.