×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстан Ресеймен «сыртқы сын-қатерге қарсы» әскери шарт жасаспақ

22.12.2021, 10:18
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісте аталып өткендей, шарттың нормалары мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерді  (күштерді) қолдануды бірлесіп жоспарлау және өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл бойынша әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың басқа бағыттары бойынша өзара іс-қимыл жасауға бағытталған. Шарт жедел және жауынгерлік даярлық, бітімгершілік қызмет, әскери білім және ғылым, әскерлердің (күштердің) қызметі және оларды жан-жақты қамтамасыз ету, екі жақты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, мәдениет, спорт сияқты салаларда және әскери ынтымақтастықтың басқа да бағыттарында әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осы заң жобасын қорғаған Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовқа тілшілер Мәжіліс кулуарында сұрақ қойды.

«Егер осы екі мемлекеттің бірінде әскери кезең қалыптасса (соғыс басталса – авт.) бүгінгі заң жобасы Қазақстанды Ресеймен серіктесуге міндеттей ме?» - деді тілшілер.

Дарын Тұяқов бұл сұраққа былайша жауап берді.

«Бұл – серіктестіктің мүмкіндіктері қарастырылған шарт. Сол себепті барлық бағыт бойынша шарт тараптарында сіз айтқан мәселе бар», - деді ол.

Тілшілер «Нақты айтыңызшы: Егер Ресей біреуге соғыс ашса, олар Қазақстанның әскерін де соғыс әрекеттеріне тарта ала ма?» деп сұрады.

«Шынтуайтында, БҰҰ жарғысы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құжаттары бар. Осы құжаттар бойынша, жалпы әр мемлекет тәуелсіз болғандықтан, өз шешімі бойынша әрекет етеді. Бас тарта да алады. Бұл саяси деңгейдегі шешім болады», - деді Дарын Тұяқов.

Заң жобасын мәжілісмендер мақұлдап, Сенатқа жолдады.

Серіктес жаңалықтары