Журналист Әсем Жәпішева 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ақпарат оның телеграм арнасында пайда болды.
Темірланды қолдауға жеке пикетке шыққан Әсем Жапишеваны сот 15 тәулікке камады. Ол қолында "Сатира — қылмыс емес" деген плакат ұстады.
Кеше сондай пикет үшін журналист Рус Бикетов те 15 тәулікке сотталды.
ПИКЕТ
Бүгін Жәпішева пикетке шыққан болатын.
Белсенді Әсем Жәпішеваның пикеті үш минутқа созылды.
- Алдымен оған әкімдік қызметкері келді, бірақ ол жалғыз адамдық пикетін жалғастыра берді. Кейін полиция келді. Пикет үш минутқа созылды, – деп хабарлады Ulysmedia тілшісі оқиға орнынан.
Бұған дейін Әсем Жәпішева Темірлан Енсебекті қолдау мақсатында пикет өткізетінін жариялаған болатын.
БҰҒАН ДЕЙІН
Екі күн бұрын Алматыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал парақшаның әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған болатын. Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.