×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Депутат азық-түлік бағасына жауапты бір мемлекеттік орган құруды ұсынды

22.12.2021, 10:45
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев осы ұсынысты үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Депутаттық корпус азық-түлік тауарларының бағасының көтерілу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. 6 қазанда депутаттық сауал жарияладық. Алайда, сауалға алынған жауап бізді қанағаттандырмады және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына байланысты жағдай жылдан жылға қайталанып келеді. Ал бағаға байланысты жағдай жылда дәл сол бір уақытта қайталанады әрі бұл проблеманың алдын алып, шешуге болады екен. Осыған байланысты, біздің ойымызша, бірден-бір шығу жолы ел ішінде де, шетелде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын болжау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады. Бізге кемінде жарты жыл-бір жылға арналған баға болжамы қажет, сонда ғана біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тізгіндей аламыз», - дейді ол.

Депутат сауалға «бірде-бір ведомство бағаны болжаумен айналыспайды» деп жауап бергенін айтады. Ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің, стратегиялық жоспарлау және реформалар, бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктердің құрылымдарында азық-түлік бағаларын талдау мен болжаудың қолданыстағы жүйесі жоқ деген жауап берілген.

«Бүгінде қажетті инфрақұрылым бар, қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр, жылдан жылға біз тұрақтандыру қорларын қаржыландыруды ұлғайтудамыз. Алайда, басқару мен болжаудың бірыңғай орталығы, нақты жұмыс жоспары жоқ, бағаның әрбір күрт өсуінен кейінгі салдармен ғана күрес жүргізіледі, бағаны тежеу жөніндегі жұмыстағы сәтсіздіктер үшін жауаптылық көзделмеген, яғни, қашан әрі не сатып алу және проблемаларды қалай шешу керек екені туралы нақты сигнал беретін елде ешкім жоқ. Өңірлердегі филиалдарымен бірге агроөнеркәсіптік кешеннің орталықтандырылған болжамдық-талдамалық орталығын құру қажет. Орталықты құруға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына жауапты бір мемлекеттік органды айқындауды сұраймыз», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары