Адвокат Ғалым Нұрпейісов қамауға алынған Әсем Жәпішеваға психологиялық қысым көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2023 ЖЫЛҒЫ ІС
Журналист Әсем Жәпішева 2023 жылдың 16 желтоқсанында пикетке шыққан. Қазіргі таңда полиция осы екі жыл бұрынғы істі қозғаймыз деп қорқытып отырған көрінеді. Ал адвокат Нұрпейісовтің сөзінше, бұл істің мерзімі өтіп кеткен. Бұл туралы “Тіл кеспек жоқ” белсенділері жазды.
- Ол іс сотқа жеткен жоқ. Қазір осы істі толтырып, қайтадан жібереміз деп жатыр екен. Адвокат келсін, көреміз депті. Бірақ бір жыл емес, тіпті екі жыл мерзімі өтіп кеткен іс қой. Ешқандай іс қозғай алмайды. Менің ойымша, ол психологиялық қысым ретінде жасалып отыр, дейді адвокат.
ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА
Қазіргі таңда журналиске қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтың 488-бабы бойынша хаттама толтырылған.
ҚАМАУҒА АЛУ
Бүгін журналист Әсем Жәпішева 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.
Бұл туралы ақпарат оның телеграм арнасында пайда болды.
Темірланды қолдауға жеке пикетке шыққан Әсем Жапишеваны сот 15 тәулікке камады. Ол қолында "Сатира — қылмыс емес" деген плакат ұстады.
Кеше сондай пикет үшін журналист Рус Бикетов те 15 тәулікке сотталды.
ПИКЕТ
Бүгін Жәпішева пикетке шыққан болатын.
Белсенді Әсем Жәпішеваның пикеті үш минутқа созылды.
- Алдымен оған әкімдік қызметкері келді, бірақ ол жалғыз адамдық пикетін жалғастыра берді. Кейін полиция келді. Пикет үш минутқа созылды, – деп хабарлады Ulysmedia тілшісі оқиға орнынан.
Бұған дейін Әсем Жәпішева Темірлан Енсебекті қолдау мақсатында пикет өткізетінін жариялаған болатын.