Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен криминалитет өкілдері ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯ
Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ресми емес жұмыскерлері қылмыстық ортаның өкілі болған күзет ұйымының заңсыз әрекетін анықтаған.
Олар қақтығыс пен арандату арқылы объектілерді басып алумен айналысқан. Кейіннен «қауіпсіздігін» қамтамасыз еткен.
- Мысалы, өткен жылдың 23 қарашасында фигуранттар криминалдық қамқорлық жасау және ықпал ету саласын кеңейту мақсатында караоке-барға басып кіріп, онда мекеменің иесі мен күзетшілерін ұрып-соққан, - дейді ІІМ өкілдері.
Полицияға 10 күдікті жеткізіліп, олардың 6-уы қамауға алынды. Басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.