Құқық қорғау органы бұл ән ұлтаралық алауыздықты қоздырады деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл жайлы Tengrinews.kz басылымына берген жауабында Алматы полициясы атап көрсеткен.
Қазір тергеу органдары Е. Instagram-арнасында жариялаған әннің авторын іздеп жатыр, – делінген жауапта.
Алматы полиция департаменті QazNews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық істің оның сатиралық жазбаларымен байланысты емес екенін мәлімдеген еді.
Еске салайық, бұған дейін Темірланды қолдап шыққан екі журналист қамауға алынды. Оның бірі – журналист Рус Бикетов, ол 15 тәулікке сотталды. Сонымен қатар, Еңсебекті қолдап, пикетке шыққан журналист Әсем Жәпішева да 15 тәулікке қамауға алынды.
Ал бүгін Еңсебекті қолдап, тағы екі адам пикетке шыққаны белгілі болды.
ПИКЕТКЕ ШЫҚҚАНДАР
Oyan, Qazaqstan саяси реформа талап етуші қозғалысының белсендісі Ақмарал Жәкібай Алматыдағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдында Темірлан Еңсебекті қолдауға @qaznews24 жеке пикетке шыққан. Бұл ақпарат қозғалыстың парақшасында жарияланды.
Бүгін Қостанайда белсенді Сергей Зинченко «Сатира — қылмыс емес» деген жазуды күртешесіне жазып, Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан. Ол да ұсталған. Бір күн бұрын Алматыда журналистер Әсем Жәпішева мен Руслан Бикетов Темірланға қолдау көрсетіп, жеке пикет өткізіп, 15 тәулікке қамауға алынған.
Үш күн бұрын Алматыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал парақшаның әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған болатын. Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.