×
527.58
546.15
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.58
546.15
5.29

Қырғызстанда астананы ауыстыру ұсынылды

Қырғызстанда астананы ауыстыру ұсынылды
depositphotos.com

Қырғызстандық депутат ел астанасын ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Жогорку кенеш (Қырғызстан парламенті) отырысында депутат Бақытбек Марипов астананы басқа жерге көшіріп, министрлер кабинетін сонда орналастыруды ұсынды. Депутаттың ойынша, осылай қаладағы түтін мен кептеліс мәселесін шешуге болады. 

Марипов қалаға екі басы бар адам әкім болып тағайындалса да ол Бішкектегі түтін мәселесін шеше алмайтынын айтады. 

- Ыстық-көлде Асман қаласы салынайын деп жатыр. Ол үшін 10 миллиард доллар инвестиция тартылмақ. Ал темір жолды Бішкектен көшіру үшін 550 миллион доллар қажет. Ал айналма жол құрылысымен бірге ол 1 миллиардқа айналады, дейді депутат астананы сол қалаға көшіруді меңзегендей болып. 

Сондықтан, Мариповтың сөзінше, министрлер кабинетін басқа қалаға көшірсе, Бішкектегі кептеліс мәселесі шешіледі. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 2023 жылы Қырғызстанның туы ресми түрде өзгерген болатын. 

Қырғызстанның Мемлекеттік Туын өзгерту туралы заңды “Жоғарғы Кеңес” 20 желтоқсанда қабылдады және оған 22 желтоқсанда Президент Садыр Жапаров қол қойды.

Қабылданған заң Қырғыз Республикасының туындағы күн сәулесін иректен түзу сызыққа өзгертті.

Қырғызстан туы “Жогорку Кенештің” 1992 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен бекітілді. Тудың ортасында түндік елде тұратын барлық халықтардың бірлігін білдірсе, ал қырық күн сәулесі біріккен қырғыз тайпаларын бейнелейді.