×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

Алматы әкімдігі пикеттің қандай түрі болса да өткізбейді – құқық қорғаушылар

Алматы әкімдігі пикеттің қандай түрі болса да өткізбейді – құқық қорғаушылар
Ulysmedia

Алматыдағы баспасөз конференциясы барысында құқық қорғаушылар қала басшылығының бейбіт жиналыстар мен пикеттерге қатысты әрекеттері туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Белсенді Жәмилә Бурабаеваның құқығын қорғаумен айналысқан Ерлан Қалиев әкімдікке қарсы өткен сот туралы айтты. 

- Қаңтар оқиғасы кезінде мүгедек болып қалған әйелге әкімдік төрт жыл бойы жалғыз пикетке шығуына рұқсат бермей қойды. Ол мүгедектердің құқығын қорғау үшін пикетке шықпақ болған. Ал 30 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Бурабаеваның әкімдікке қарсы шағымын қанағаттандырмады, - деді құқық қорғаушы.

Құқық қорғаушылар қала билігі заңның бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы баптарын азаматтық белсенділердің құқығын шектеп, оларды қудалау құралы ретінде пайдаланып отыр деп есептейді.

- Біз осындай кездесулер өткізіп, бізге жаңа заң керек деп биліктің назарын аударған болатынбыз. Бірақ қабылданған заң совет заманында қабылданған заңнан да жаман болып шықты. Қазір митинг өткізуге ешкімге келісім берілмейді. Оны білесіздер. Біз әкімшілік рәсімдік процестік кодекспен біраз адамға көмек көрсетуге тырыстық. Әкімшілікті сотқа беруге, әкімшіліктің қаулысының күшін жою жөнінде көмектестік. Бірақ мұндай талап қоюдан ешқандай нәтиже шықпайтыны белгілі. Бұл тұста ең негізгі айтатын нәрсе – билікте, үкіметте, президент әкімшілігінде жалпы қазақ халқының түсінігін түсінетін, қазіргі жағдайды дұрыс қорыта алатын адам болса, олар бұл тактиканы өзгерту керегін түсінуі керек, дейді құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Алматыда Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан Ақторғын есімді белсенді ұсталған болатын. Бірнеше минуттан кейін оны полиция ұстап алып кеткен. Бүгін белсендіге 196 600 теңге айыппұл салынғаны белгілі болды. 

Еске салайық, бұған дейін Темірланды қолдап шыққан екі журналист қамауға алынды. Оның бірі – журналист Рус Бикетов, ол 15 тәулікке сотталды. Сонымен қатар, Еңсебекті қолдап, пикетке шыққан журналист Әсем Жәпішева да 15 тәулікке қамауға алынды. 

Ал 21 қаңтарда Еңсебекті қолдап, тағы екі адам пикетке шыққаны белгілі болды. 

ПИКЕТКЕ ШЫҚҚАНДАР

Oyan, Qazaqstan саяси реформа талап етуші қозғалысының белсендісі Ақмарал Жәкібай Алматыдағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдында Темірлан Еңсебекті қолдауға @qaznews24 жеке пикетке шыққан. Бұл ақпарат қозғалыстың парақшасында жарияланды.

Қостанайда белсенді Сергей Зинченко «Сатира — қылмыс емес» деген жазуды күртешесіне жазып, Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан. Ол да ұсталған. Кейіннен Алматыда журналистер Әсем Жәпішева мен Руслан Бикетов Темірланға қолдау көрсетіп, жеке пикет өткізіп, 15 тәулікке қамауға алынған.

Бес күн бұрын Алматыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал парақшаның әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған болатын. Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.