×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

“Серіктесе жұмыс істейміз”: ғылым министрлігі курс сататын блогерлерге қырын қарамайды

Бүгін, 19:05
“Серіктесе жұмыс істейміз”: ғылым министрлігі курс сататын блогерлерге қырын қарамайды
Фото: istockphoto.com

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки әлеуметтік желілерде курстар сататын блогерлер жайлы сұраққа жауап берді. Ол министрлік ғылымды насихаттайтын блогерлерге қарсы емес, тіпті тығыз жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-министрдің айтуынша, блогерлерлен жұмыс ғылым және жоғары білім министрлігінің құзіретіне жатпайды, өйткені блогерліктің өзі бұқаралық ақпарат құралының бірі саналады. Алайда Дархан Ахмед-Заки министрлік ғылымды насихаттап, жастарға ғылыммен айналысу қажет екенін және бұл тіпті артықшылық екенін насихаттайтындармен тығыз жұмыс істейтінін атап өтті.

Сондықтан біз тіпті алдын алу шараларын қабылдамаймыз. Бұл біздің құзыретімізге жатпайды, - деді ол. 

Контекст

2023 жылдың шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойған еді. Заңда "блогер" терминінің анықтамасы және онлайн платформалардағы жарнамаларды таңбалау бойынша міндеттемелер енгізілген. Қазақстан блогерлері өзінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған барлық жарнама үшін табыс салығын төлеуге міндетті.

2023 жылдың қараша айында Қазақстанда инфоцыгандар мен жалған сарапшыларға қарсы петиция жарияланған еді.