×
522.42
543.89
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.42
543.89
5.28

«Бізді емдеп жүр екен десек, гипноз жасапты»: Ақтөбеде емші елді алдап, 18 млн несие алдырған

«Бізді емдеп жүр екен десек, гипноз жасапты»: Ақтөбеде емші елді алдап, 18 млн несие алдырған
Фото: КТК

Ақтөбеде 100 шақты адам емшіге алдандық деп шу шығарды. Олардың айтуынша, емші гипнозбен арбап несие алдыртқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

КТК мәліметінше, алданғандардың қатарында емшінің жақын туыстары да бар. Әулие санаған адамдарының алаяқ болып шыққанына ашынған олар прокуратурадан оны қамауды талап еткен. Емшіні тәртіп сақшылары ем жүргізетін орнынан тергеуге алып кетіп, қылмыстық іс қозғады.

АЛДАНҒАН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

Отыз жылға жуық емшілікпен айналысқан Сұлушаш Қазыбаеваға алдандық деген ақтөбеліктер саны алпыстан асыпты. Олардың қатары күннен-күнге көбейіп барады. Емші қабылдауына келгендерді гипнозбен есінен айырып, онлайн несие алдырады екен. «Еріксіз қарызға батқанымызды есімізді жиған соң ғана білдік» - дейді тұрғындар.

— Біз емге барып жүргенімде гипноз арқылы мені 18 миллионға сазға отырғызды. Қазыбаева Сұлушаш деген кісі. Бес баламен қазір жұмысым да, тамағым да жоқ, балаларыма алатын, мысал үшін. Емделуге барғанда жатқызып қойып, гипноз жасай ма, білмеймін. Жатқызып қойып емдейді. Кейін біз білмейміз, не істегенімізді. Телефонымызды алып, біздің атымыздан несие рәсімдеп отырған, дейді Райхан Зарлықова.

Халық емшісі алдына келгендерді ғана емес, өз жақындарын да аямапты. Сан соғып қалғандардың қатарында туыстары мен ауылдастары да бар. Бәрі «қандай сиқырға тап болдық» деп, таңғалып отыр. Зейнетке шыққан жеңгелері де миллиондаған несиені қалай алғанын білмейді.

— Содан ем жасады, кейін басым ауырды, сөйтіп тұрғанда телефонымды алып, былай-былай сөйлесті. Тіпті қой дегенге қоймады. Білмеймін, суретке түсірді де, қолға мақұлдау жіберді. Сол жерде «саған үш миллион шықты» деп, мені мақтады. Қалай маған 120 мың теңге шығады? Содан сол үйден кете алмадым. Қандай сиқыры бар екенін білмеймін!, дейді тұрғын Күлзипа Төремұратова. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Емшіге алданғандар полицияға арызданған. Облыстық прокурордың да қабылдауына барды. Олар Сұлушаш Қазыбаеваны қамауға алуды талап етіп отыр. Ақыры қаланың бас полицейі де емшінің қабылдауына келді. Сол жерде оны тергеуге өзімен бірге алып кетті.

— ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, яғни ірі көлемде бірнеше рет жасалған алаяқтық дерегі бойынша. Осы қылмыстық іс аясында арыз жазғандар, сонымен қатар басқа да арыз жазуға дайын азаматтар екен. Осы жерге жиналып тұр. Ақтөбе қаласының тумасына қатысты. Бұл жерге келдік. Барлық мән-жайды анықтадық. Қазір ол кісіні тергеу үшін полиция бөліміне жеткіземіз, дейді Ақтөбе ПД басқармасының бастығы Әсет Қалиев. 

Еріксіз емшінің сиқырымен бір миллионнан 25-28 миллионға дейін ақша алып бергендер бар. Тәртіп сақшылары оны тергеуге үйінен көлікпен алып кетіп, уақытша қамау изоляторына қамаған. Жәбірленушілер оны тергеу кезінде де үй қамаққа жібермей, абақтыда ұстасын деп отыр. Себебі өзгелер де арбалып қала ма деп қорқады.