Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған энергетика министрлігінің делегациясы Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Францияның әлемдік өндірушілерімен танысып шықты. Бүгін өткен брифингте ведомствоның вице-министрі Сұңғат Есімханов АЭС құрылысымен айналысатын ел маусым айында белгілі болатынын айтты передает Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Вице-министрдің сөзінше, қазіргі таңда вендорды (сауда таңбасын иеленуші ұйым не жеке тұлға) анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Қажет жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірнеше сұрақ дайындап қойдық. Ол бойынша кері байланыс беріледі. Бірінші жартыжылдықтың соңында сол жұмыстар бойынша нәтиже шығарылып, алдын ала нәтиже белгілі болады. Бірінші жартыжылдықтың соңында вендор анықталады. Шамамен маусымда, дейді Сұңғат Есімханов.
АЭС ҚҰРЫЛЫСЫМЕН КІМ АЙНАЛЫСАДЫ
АЭС құрылысы жобасымен айналысатын немесе консорциумды таңдау бойынша түпкілікті шешім осы жылы қабылданады. Шешім ұлттық мүдделерді, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) ұсынымдарын ескере отырып қабылданады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЭС
Қаңтар айының басында президент Тоқаев АЭС құрылысын «жылдамдату» қажеттігін мәлімдеді. Ол Қазақстанда екі, бәлкім, үш атом электр станциясы пайда болуы керектігін еске салды.