×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Екі өңірде есірткі зертханаларының үлкен желісі жойылды

25.01.2025, 14:54
Екі өңірде есірткі зертханаларының үлкен желісі жойылды
Polisia.kz

Қазақстанның екі өңірінде есірткі зертханаларының ірі желісі жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Polisia.kz жазуынша, Қарағанды облысының полиция департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен есірткі және психотроптық заттарды өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

“Аталған қылмыстық істің аясында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысы Асыл ауылында есірткі зертханасы жойылды. Оқиға орнынан 200 келіге жуық есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған жабдықтар табылды. Операция барысында Алматы қаласының тумалары 25 пен 29 жас аралығындағы ерлі-зайыпты ұсталды”, делінген министрлік ақпаратында.

Кейінгі жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында есірткі зертханалары желісін ұйымдастырушы - Теміртау қаласының 30 жастағы тумасы ұсталған. Күдіктіден ноутбук, таразы, күнделіктер және қылмыстық желінің қызметін үйлестіру үшін пайдаланылған 21 ұялы телефон тәркіленді.

Барлығы бес адам қылмыстық әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық қатысушыларын анықтау және олардың заңсыз әрекеттерін тоқтату бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасуда.