Қызылордада жаңадан бала босанған әйелден АИТВ (ВИЧ) анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназаров Қызықлордада әйел адамнан АИТВ анықталуына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл жағдай министрліктің бақылауында және тергеу жүріп жатыр.
- Бұл жағдай министрліктің бақылауында. Қажет тергеу амалдары жасалып жатыр. Әзірге ешкім жауапқа тартылмады деп кесіп айта алмаймыз, дейді министр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылордадағы перинаталды орталықта ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордың қаны құйылғаны туралы ақпарат тарады. Бір айдан кейін әйел адамнан АИТВ анықталған.
Бұл оқиға тіркеліп, Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілгенімен, әлі шара қолданылмағаны хабарланды. Тергеудің орнына медицина қызметкерлеріне БАҚ-қа хабарламау керегі айтылып, науқасқа ақша ұсынған көрінеді.