×
$
462.31
536.09
5.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
462.31
536.09
5.34

Динара Егеубаева жол апатына қатысты тергеудің созылып кеткеніне күмән келтірді

Бүгін, 11:06
Динара Егеубаева жол апатына қатысты тергеудің созылып кеткеніне күмән келтірді
әлеуметтік желі

Қазақстандық журналист Динара Егеубаева өзінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеудің тым ұзаққа созылып жатқанын айтты. Оның пікірінше, істің созылуы кәсіби қызметіне байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Журналистің айтуынша, тергеуші Сұлтан Рахматуллаев оған істі тергеуге бір жыл берілгенін жеткізген. Әңгіме велосипедшіні қағып кетуге қатысты жол апаты туралы болып отыр.

Бұған дейін жарияланған бейнежазбада велосипедшінің жол қозғалысы ережесін бұзып, қарсы бағытқа шыққаны және соның салдарынан Егеубаеваның көлігімен соқтығысқаны көрінеді.

Егеубаева бұл жағдайды Өскеменде болған ұқсас жол апатымен салыстырды. Оның айтуынша, ол жерде әкімшілік іс бойынша шешім бірнеше сағаттың ішінде қабылданған.

– Жол-көлік оқиғасы 19 тамызда сағат 20:10-да болған. Келесі күні сағат 13:25-те ақпарат жарияланып, велосипедшінің жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. Полицияның мәліметінше, ол ӘҚБтК-нің 615-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған, яғни әкімшілік іс бойынша шешім бірнеше сағатта шығарылған, – деді журналист.

Ол екі жағдайдың айырмашылығына да назар аударды. Егеубаеваның сөзінше, Өскемендегі жол апатына қатысушылардың ешқайсысы тәуелсіз журналистік қызметпен айналыспаған.

Журналист өзінің ісіне қатысты тергеудің бір жылға созылуы жол апатының әдейі ұйымдастырылған арандатушылық болуы мүмкін деген күдікті күшейтетінін айтты. Сондай-ақ ол істің созылуын елден шығу мүмкіндігіне қойылған шектеумен байланыстырады.

– Неге бір жыл? Өйткені осы уақыт ішінде президент сайлауы өтуге тиіс. Сол уақытқа дейін Ақордаға бағынбайтын барлық журналист үнсіз қалуы керек, – деді Егеубаева.

Контекст

Еске салайық, бұған дейін Динара Егеубаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік. Журналистке ел аумағынан шығуға тыйым салынды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.

Журналист жол-көлік оқиғасына өзін кінәлі деп есептемейді. Оның айтуынша, велосипедші қарсы жолақпен келе жатып, өзі оның көлігіне соғылған.

– Бұл 100 пайыз тапсырыс екеніне сенімдімін. Беті көрінбейтін, аяғы таңылған велосипедшінің суреті пайда болды. Оның жарақаттары тізіліп көрсетілген. Олардың арасында аяғы сынғаны және мүгедектікке әкелуі мүмкін деген жыртылған байламдар бар. Ал шын мәнінде велосипедшінің медициналық құжатындағы диагноз – жабық бас-ми жарақаты , басқа ештеңе жоқ. Бірде-бір сынық көрсетілмеген, – деді Егеубаева сол кезде.