×
519.28
540.05
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.28
540.05
5.31

Қазақстанда желіде жалған ақпарат таратқандардың жазасы заңмен бекітіледі

Қазақстанда желіде жалған ақпарат таратқандардың жазасы заңмен бекітіледі
Fotolia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев интернетте арандатар ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды заңмен бекітуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ

- Жаппай цифрландыру мемлекеттің азаматтармен және бизнес өкілдерімен қарым-қатынасын айтарлықтай жеңілдетеді. Сондай-ақ бюрократияны және сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайтады. Бұл – түсінікті. Алайда таяқтың екі ұшы бар, цифрландыру дамыған сайын алаяқтық көбейіп барады. Қоғамдық пікірге теріс ықпал ету, биліктің беделін түсіру және ел ішінде алауыздық тудыру үшін жалған мәлімет таратып, ақпараттық шабуыл жасау белең алуда. Мұндай әрекеттер азаматтардың қауіпсіздігіне және елдегі тұрақтылыққа үлкен қатер төндіреді. Сондықтан интернет-платформаларда арандатушылық сипаттағы ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартуды заңмен бекіту мәселесін ойластыру керек. Бірақ киберқауіпсіздікті күшейту шаралары цифрландыру үдерісіне тосқауыл болмауға тиіс, дейді Тоқаев.

Президент қоғамда мемлекеттің азаматтарды кибералаяқтардан қорғау үшін қабылдап жатқан шаралары нәтижесіз деген қасаң пікір қалыптасып келе жатыр дейді.

- Статистика да көңіл көншітпейді. Жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркеледі. Қылмыстың 80 пайызға жуығы әшкереленбейді. Сондықтан Үкімет құқық қорғау органдарымен және қаржы саласын реттеушілермен бірге азаматтардың жеке деректерін қорғауды мейлінше қамтамасыз етуі керек, дейді Тоқаев.