×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Іздеу жарияланған Дана Орманбаеваның қайда екені белгісіз

Іздеу жарияланған Дана Орманбаеваның қайда екені белгісіз
Instagram danapartner

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев журналист Дана Орманбаеваның ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ол Дана Орманбаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша айып тағылып, оған іздеу жарияланғанын еске салды.

- Интерпол Орманбаеваның қайда екенін анықтаумен айналысып жатыр. Нақты қай жерде екенін айта алмаймын. Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша олар Біріккен араб Әмірліктерінде. Бірақ бізде бұл туралы нақты ақпарат әлі жоқ, - деді Қойгелдиев. 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ

25 қаңтарда қазақстандық журналист, продюсер және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жария етті. 

Алматының полиция департаменті тергеу басқармасымен Орманбаеваға қатысты "ұлтаралық алауыздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын" атап өтті.

– Сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен қатар күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды," деп хабарланды Алматы қалалық полиция департаментінен.

Дана Орманбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықаралық іздеуге жарияланды деген хабарға пост арқылы үн қатты.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың сәуірінде алматылық тұрғынның әлеуметтік желідегі ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қысым мен балағат сөздерге толы пост туралы арыз-шағымынан кейін полиция Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.