Синоптиктер 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, кейде қар, боран болады. Солтүстік-шығыс жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9 аяз, күндіз одан әрі төмендейді.
Алматыда күн бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар). Кейде көктайғақ. Кешке тұман. Солтүстік-батыс жел секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы 3-5 аяз, күндіз 0-2 жылы.
Шымкентте ауыспалы бұлт жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Кейде тұман. Батыс жел секундына 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 6-8, күндіз 0-2 градус.
Абай облысында қар, бұрқасын, күндіз оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 30 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман сақталады. Ақтөбе қ.: 30 қаңтарда кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі.
Атырау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Атырау қ.: 30 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, облыстың батысында, солтүстігінде аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Астана қ.: 30 қаңтарда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көкшетау қ.: 30 қаңтарда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында түнде кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, кей уақытта тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 30 қаңтарда кей уақытта көктайғақ күтіледі. Кешкі уақытта тұман. Қонаев қ.: 30 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 30 қаңтарда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 30 қаңтарда түнде қар, сырма күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 30 қаңтарда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 30 қаңтарда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ.
Қарағанды облысында түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 18 м/с. Қарағанды қ.: 30 қаңтарда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 30 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 30 қаңтарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістан қ.: 30 қаңтарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел секундына 8-13 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 8 аяз, күндіз 3-8 жылы, облыстың солтүстігінде -1 градус. Ақтауда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел секундына 5-10 метр.
Ұлытау облысында түнде жауын шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын. Көктайғақ. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 30 қаңтарда түнде жауын шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында қар, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 30 қантарда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 30 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі.