×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Сенат Қазақстанда өлім жазасын жою туралы заңды қабылдады

23.12.2021, 12:48
Фото: Ашық дереккөзден

Парламент Сенатында кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң жобасының мақсаты - 2021 жылғы 2 қаңтарда соғыс уақытындағы әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қолдану туралы ескертпемен Қазақстан ратификациялаған, өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші факультативтік хаттамаға (бұдан әрі – Хаттама) сәйкес өлім жазасын жою. Президент 2021 жылғы 16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасы қандай да болмасын ескертпесіз толығымен жойылуға тиіс екенін мәлімдеген еді. Заң жобасының міндеті өлім жазасын жоюды көздейтін қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелерге сәйкес ұлттық заңнаманы үйлестіру болып отыр.

Осыған байланысты заң жобасымен 3 кодекске және 2 заңға өзгерістер мен толықтыру енгізілмек. Қылмыстық кодексте өлім жазасын толығымен алып тастау көзделеді.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің санкциясынан өлім жазасы түріндегі жаза алынып тасталады.

Осы заң жобасы қабылданғаннан кейін ең ауыр жаза түрі адам сотталған санкция шегінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Өлім жазасына кесілген адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу ұсынылады. Қылмыстық-процестік кодексте өлім жазасына кесілген адамдарға істі кассациялық инстанцияда қарау мүмкіндігіне процестік кепілдіктер сақталады.

Серіктес жаңалықтары