×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Еуродақ АЭС-ті Қазақстанда Росатомның салу ықтималдығына қалай қарайды

Бүгін, 15:32
Еуродақ АЭС-ті Қазақстанда Росатомның салу ықтималдығына қалай қарайды
Ulysmedia коллажы

Қазақстан билігі атом электр станциясын салу үшін вендер-компанияны таңдағалы отырғаны белгілі. Алып станцияны салуы мүмкін компаниялардың ішінде ресейлік Росатом да бар. Көрші елге санкцияның түр-түрін салып отырған Еуродақ Қазақстанда АЭС-ті Росатомның салу ықтималдығына қалай қарайды? Ulysmedia.kz тілшісі бұл сұрақты бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі Дэвид О'Салливанға қойды.

ЕО АРНАУЛЫ ӨКІЛІ НЕ ДЕЙДІ

Дэвид О'Салливан Еуропалық одақтың бұл мәселе бойынша ұстанымы жоқ дейді.

Өйткені Қазақстан тәуелсіз мемлекет әрі қандай да бір шешім қабылдаса – ол өз еркінде. Атом электр станциясын қай компания, қай ел салады – Қазақстанның еркіндегі сұрақ. Әрине, мен өз тарапымнан бір сөз айтуым мүмкін: Ресейдің осындай саясатын ескере отырып, оны өз серіктесі ретінде көргісі келе ме, жоқ па? Сондай ғана сұрағым бар. Ал басқа жағынан бәрі Қазақстанның қолында, – дейді ол.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЭС

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Жобалық кеңсенің қызметімен танысу барысында атом энергетикасын дамыту перспективасына да тоқталып, Қазақстандағы АЭС саны үшеу болуы да мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Ал «Атом улаған дала» кітабының авторы, саясаттану ғылымдарының докторы, ядролық қауіпсіздік жөніндегі маман, Олбани университетінің (SUNY-Albany) Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова Қазақстанның АЭС салуда «Росатомды» серіктес ретінде таңдаса – қазіргі уақыт ең қолайсыз кезең деп есептейді. Бұл пікірді ол Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында айтты.