×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Фитнес-бапкердің өлімі: сотта Алинаның анасының жағдайы нашарлап кетті

Фитнес-бапкердің өлімі: сотта Алинаның анасының жағдайы нашарлап кетті
Фото: Азамат Сәрсенбаевтан

Апелляцияның қорытындысын күтіп отырған марқұм Алина Серікованың анасының жағдайы нашарлап, медициналық көмекке жүгінуіне тура келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы Lada.kz басылымының тілшілері хабарлады. Сот ғимаратындағы полиция мен өзге адамдар Алинаның анасын басқа ғимаратқа апарып, медицина қызметкерлері көмек көрсеткен. Айта кетейік, сот залына Алинаның отбасын қолдауға өте көп адам келген. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін сот залына Алинаның ата-анасын кіргізбей қойған болатын. Соттың мәліметінше, сот залында Алина Серікованың ағасы Бауыржан Жолжан ғана отыр. Жәбірленуші тараптың өкілдері бес айыпталушының жеті адвокаты барын айтады. Сонымен қатар, сот залында екі айыпталушының анасы мен әйелдері отыр. Алайда, Lada.kz мәліметінше, жақын туыстары сот залына кіргізілмеген.  

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Алина тірі болғанда былтыр 30 қазанда отыз жасқа толар еді. Арайлымның айтуынша, 2024 жылдың 14 мамырында Алина спорт кешеніндегі жұмысынан шығып, сөмкесін асынып, үйіне жаяу аяңдаған. Сол кезде артынан көлік тоқтаған. Ішінен бірнеше жігіт шығып, Алинаны «есірткі тасушы деп ойлап», машинаға күштеп отырғызып, жолды көрмес үшін көзін байлап, «Хазар» базары маңындағы жанар-жағармай тұрағына келіп тоқтаған.

Олар Алинаны ұрып-соғып, қорқытып бөлменің ішіне қамап қойған. Атынан телефоны арқылы 2 млн теңге несие алған. Әрі қарай қасына ертіп алып, ақшаны шешетін жер іздейді. Қателеспесем кейін сотталған С. 2009 жылы өзінің жүріп жүрген қызын зорлап, бөлшектеген және бір дүкенді тонап 15 жылға сотталған. Сол жазадан кейін де осындай әрекетке барып тұр, - дейді Арайлым.

Сіңлісінің сөзінше, көлікте Алинаны «есірткі тасушы екеніңді мойында» деп қинаған. Сөмкесін қарап, киімдерді көрген соң спортшы екеніне сенгендей болған. Бірақ, бәрібір жібере қоймапты. Арайлымның сөзінше, Алинаға ер адам бейнеленген ұятсыз видеоны қинап, соңына дейін көрсеткен, мефедрон берген. С-мен көлікте жалғыз қалған. Таңға дейін ойларына келгенін істеп, мекенжайын білетінін, біреуге айтса өлтіріп кететінін айтып, үйіне әкеліп тастаған.