Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров жемқорларды Қазақстаннан шығармау тетігі қарастырылып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
РЕСМИ ӨКІЛ НЕ ДЕЙДІ
Бекайдаровтың айтуынша, бұл мәселе бұрыннан көтеріліп жатыр.
Тиісті ұсыныстар бізде бар. Қазір басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселені талқылап жатырмыз, – дейді ол.
Парламентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бұған дейін талқыланған еді.
Антикор төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, заң жобасы бойынша ең алдымен, сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу көзделген.
Бұл – профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғамдық мін тағумен, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер қамтылады. Соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі тізіліміге енгізуге негіз болып танылады, – дейді ол.
Тізілімінен ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылықтың өтелуі негізінде шығару мүмкін болады. Тізілім агенттіктің сайтында орналастырылады. Тізілімді агенттіктің өзі жүргізеді.