×
519.28
540.05
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.28
540.05
5.31

Алматыда жас ана 2 сағат бұрын тапқан сәбиін басқа аулаға тастап кеткен

Бүгін, 15:32
Алматыда жас ана 2 сағат бұрын тапқан сәбиін басқа аулаға тастап кеткен
ашық дереккөзден

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НӘРЕСТЕ АУРУХАНАДА

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, кеше жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат ғана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды.

АНАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбидің анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылған. “

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.