×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды

01.02.2025, 09:37
Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды
Facebook / Қызылорда облысының әкімдігі

Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауын қорытындылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоба бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүрлер мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және ілгерілетуге бағытталған.

Облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінген.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды:

  • Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы)
  • Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)
  • Хан Ордасы (БҚО, Бөкей ордасы ауданы)
  • Поперечное (ШҚО, Риддер ауданы)
  • Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтогай ауданы).

“Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village байқауында Қазақстанды таныстырады”, деп жазды Kazakh Tourism-нің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы халықаралық деңгейде ең үздік туристік ауыл ретінде танылып, беделді UNWTO сыйлығымен марапатталған.