×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ветиринарлар қаңғыбас ит-мысықты аулауға араласпайтын болады

23.12.2021, 18:53
Фото: Ашық дереккөзден

Енді ветеринария жүйесіндегі барлық бақылау-қадағалау функциялары министрлікке қарасты Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінде шоғырландырылады. Сондай-ақ келесі жылдан бастап ветеринариялық дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 50-60%-ға өседі деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ветеринария жүйесін реформалау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар ретін атап өтті.

«Енді ветеринария жүйесіндегі барлық бақылау-қадағалау функциялары бір ведомствода, атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінде шоғырландырылатын болады. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері тек атқарушылық функцияларды орындайды. Екіншіден, келесі жылдан бастап практикалық ветеринариялық дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 50-60%-ға өседі деп күтілуде. Бұдан басқа, ветеринариялық дәрігерлер өзіне тән емес функциялардан (қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою) босатылып, өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін ветеринариялық заңнаманы бұзушыларды жауапкершілікке тарту секілді қосымша өкілеттіктер алады. Сондай-ақ жеке сектордағы ветеринариялық практиканы дамыту үшін адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың 5 түрі бойынша күресу мен алдын алу жұмыстарын бәсекелестік ортаға беріп, саланы кеңейтпекпіз», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары