Ресейдің Приморск өлкесінің 52 жастағы вице-губернаторы Сергей Ефремов майданда қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей Федерациясы Приморск өлкесінің соғыстағы вице-губернаторы Сергей Ефремов майданға алғаш рет 2022 жылдың жазында Тынық мұхиты флотының 155-теңіз бригадасы негізінде Приморьеде жасақталған “Жолбарыс” отрядының басшысы ретінде аттанған. Елге оралған соң оған «Приморье батыры» және «ДХР батыры» атақтары берілді.
2024 жылдың ақпанында Приморье басшысы Олег Кожемяко Ефремовты ішкі саясатқа жауапты вице-губернатор етіп тағайындады. Тамыз айында «Жолбарыс» отрядының жауынгерлері «Ресей территорияларын азат етуге көмектесу үшін» Ресей Федерациясының Курск облысына баруға шешім қабылдады.
ӨЛІМ СЕБЕБІ
Кожемяконың айтуынша, Ефремов жауынгерлік тапсырмадан қайтып келе жатқанда қаза тапқан.
Telegram арналарының хабарлауынша, Ресей Федерациясының Курск облысында Ефремов мінген көлік мина басып кеткен. Онымен бірге тағы бір офицер ажал құшты.