×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

Сирияның уақытша басшысының алғашқы шетелдік сапары Сауд Арабиясынан басталды

Бүгін, 18:32
Сирияның уақытша басшысының алғашқы шетелдік сапары Сауд Арабиясынан басталды
Фото: Mosa'ab Elshamy/AP/picture alliance

Сирияның жаңа басшысы Ахмед әл-Шарааның Сауд Арабиясына ат ізін салуы оның шетелге жасаған алғашқы сапары болды. Эр-Риядта ол Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы және іс жүзінде билеушісі Мұхаммед бен Салманмен кездеседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме сасап.

Сирияның жаңа уақытша президенті Ахмед әл-Шараа жексенбі, 2 ақпанда шетелдегі алғашқы ресми сапарымен Сауд Арабиясына келді. Онымен бірге Сирияның Сыртқы істер министрі Асад аш-Шайбани де бар.

Эр-Риядқа келген Сирияның жаңа басшыларын Сауд Арабиясы билігінің өкілдері қарсы алды.

Сауд Арабиясы телеарнасы әл-Шарааның Сауд Арабиясының іс жүзіндегі билеушісі, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен келіссөздер жүргізетінін хабарлады.

Сонымен бірге Сирияның мемлекеттік SANA ақпарат агенттігі Эр-Риядта өтетін кездесу туралы ғана хабарлап, ешқандай қосымша мәлімет бермеді.

Бұған дейін Сирияның Дамаск қаласындағы президент кеңсесі X әлеуметтік желісінде әл-Шараа мен әл-Шайбианидің ұшақ бортында болған суретін жариялаған болатын. Жазбада бұл «алғашқы ресми сапар» екені атап өтілген.

Еске сала кетсек, Сирияның қазіргі көшбасшысы әрі "Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) тобының басшысы Ахмет әл-Шараа ресми түрде өтпелі кезеңде ел президенті болып тағайындалды.

ҚАЗАҚСТАН СИРИЯНЫҢ ЖАҢА БИЛІГІМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТА МА

Қазақстан билігі Сирияның жаңа билігімен байланыс орната ма? Жалпы Сирияда қазір Қазақстанның қанша азаматы жүр? Бұл сұрақ бүгін мәжіліс кулуарында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевқа қойылған. Бақаевтың айтуынша, Сирия билігіне келген топ Қазақстанның тыйым салынған ұйымдар тізімінде жоқ. Тәліптермен байланыс орнатқандай Қазақстан да олармен қарым-қатынасты реттей ме деген сұраққа Бақаев “ол БҰҰ шешіміне байланысты” деп жауап берді.