×
521.6
534.27
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.6
534.27
5.25

Алматы облысында 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған

Алматы облысында 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған
instagram

Алматы облысында 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады.

ОҚИҒА ҚАЙДА БОЛДЫ

Оқиға Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында болған.

- Қалаға кіре беріс алып көпірдің асты күші тасыған оқушыларға күшті мекен болды. Топтық төбелес, тығылып ішу, тарту бәрі осында өтеді. Кеше ғана 9 сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған, дейді журналист. 

Әбіқайдың сөзінше, бала жансақтау бөліміне түскен, қазір ауруханада.

- Ата-анасы өзімізді кінәлі қылуда деп жазыпты??? Ата-ананы тыңдамайтын, тәртіпке бағынбайтын, инспектордан ықпайтын баланың орны - колония! Ешкім баласын бақша, мектеп, әскерге мүгедек болсын деп жібермейді!!!, делінген журналистің жазбасында. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Ұлысмедиа тілшісі бұл жағдайға қатысты Алматы облысының полиция департаментінен пікір білдіруін сұрады.

Полицияда өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.