×
521.6
534.27
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.6
534.27
5.25

Ақтаудағы ұшақ апаты: алдын ала есеп жақында жарияланады

Бүгін, 12:02
Ақтаудағы ұшақ апаты: алдын ала есеп жақында жарияланады
Ulysmedia коллажы

Көлік министрі Марат Қарабаев брифиң барысында Ақтау маңындағы әуе апаты бойынша алдын ала есепті жариялау жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, мамандар қазір қауырт жұмыс істеп жатыр.

Халықаралық мамандар іске тартылды. Олардың бәрі бірге жұмыс істейді. Біз алдағы күндері алдын ала есепті ресми сайтта жариялайтынымызға сенімдіміз. Мамандарға жұмысты аяқтау үшін уақыт қажет, - деді Қарабаев.

Министр нақты уақытты айтпады.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.