ҚазАвтоЖол екі өңірде жол қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АБАЙ ОБЛЫСЫ
4 ақпанда сағат 15:30-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 615-683 шақырым аралығындағы учаскеде (Жетісу облысының шекарасынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 23:00-де ашу жоспарланған.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
4 ақпанда сағат 15:30-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 557-615 шақырым аралығындағы учаскеде (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 23:00-де ашу жоспарланған.