×
520.27
537.65
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.27
537.65
5.24

Ішкі істер министрі Сәденов Тоқаевқа не жайлы есеп берді

Ішкі істер министрі Сәденов Тоқаевқа не жайлы есеп берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СӘДЕНОВ НЕ ДЕДІ

Ержан Сәденов:

Елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді;

Елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайғанын баяндады:

  • соңғы жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады;
  • тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың барлық санаты бойынша ашылуы жақсара түскен;
  • қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтты. 2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған;
  • ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды:
  • ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған;
  • соңғы 12 айда есірткі таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7500-ге жуық интернет-ресурс анықталып, 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеген, 64 есірткі зертханасы жойылған;
  • интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталған. Нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленген. Алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеген.

Кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғау, көші-қонды бақылауды күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

ТОҚАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

75 МИЛЛИАРДҚА ЖАҢА ҒИМАРАТ

Айта кетейік, бұған дейін ІІМ жаңа ғимарат салу үшін 75 млрд теңге жұмсағалы отырғанын жазған едік. 

2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасында Астанада ішкі істер министрлігіне жаңа әкімшілік ғимараттар кешенін салуға қажет негізгі бюджет қарастырылған. Құжатқа сәйкес, жобаны әзірлеуге 2025 жылы 20 миллион теңге, ал одан кейінгі екі жылда құрылыстың өзіне тағы 75 миллиард теңге қарастырылған.