×
520.27
537.65
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.27
537.65
5.24

Қазақ қызы IELTS емтиханынан әлем рекордын орнатты

Бүгін, 17:34
Қазақ қызы IELTS емтиханынан әлем рекордын орнатты
Сая Қыдырәлінің парақшасынан

17 жастағы Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕКОРД

Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты. Ресми статистикаға сәйкес, бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ы ғана қол жеткізе алады. Сая тестілеуге 11 жасынан бастап дайындалып, өз көрсеткішін 6.5-тен 9.0-ге дейін жақсартқан.

Сая Қыдырәлі - ел тарихында алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізген азамат болып отыр.

САЯ ЖАЙЛЫ

Сая алты жасынан бастап ағылшын тілін үйрене бастаған. 9 жасында алғаш рет Қазақстандағы “Кидс клаб” үйірмесін ашқан. 11 жасында IELTS-тен 8,5 бал алған. 14 жасына дейін Алматыда ағылшын тіліндегі екі мектепті ашып үлгерген. Australia IDP халықаралық ұйымының ресми серіктесі. 17 жасында анасына Алматыдан пәтер алып берген.