×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

Еуропа кеңесі негізінде "Путинға арналған трибунал" құрылады

Еуропа кеңесі негізінде "Путинға арналған трибунал" құрылады
Dwi Anoraganingrum/Panama Pictures

Еуропа кеңесінің бас хатшысы Ален Берсет Еуропа кеңесінде агрессиялық қылмыс үшін арнайы трибунал құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оның айтуынша, трибуналдың құрылуы серіктестерге, атап айтқанда Украина мен Еуропалық Одаққа адам құқықтарын қорғау және бүкіл континенттегі құқықтың үстемдігі саласындағы тәжірибе мен білімді толық пайдалануға мүмкіндік береді.

ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас басқа елдерді арнайы трибунал құру тобына қосылуға шақырды.

ДӘЙЕКСӨЗ

- Меніңше, Путин басқа мемлекетке шабуыл жасап, агресссиялық қылмыс жасағанына ешкім күмән келтірмейді. Ол Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзды. Бұл басшылықтың қылмысы және бұл агрессия қылмысы болмаса, кісі өлтіру және азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасалмас еді.

Кім кіммен келіссөздер жүргізеді – бұл әркімнің жеке шаруасы, бірақ біз осы трибуналда жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек екені анық, дейді Каллас.