×
499.11
521.12
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.11
521.12
5.58

Астана халықаралық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жұмсалады

Астана халықаралық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жұмсалады
Ulysmedia.kz коллажы

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл өтетін Астана халықаралық форумына қанша теңге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Бұл туралы вице-премьер сенаттың кулуарында айтты. Оның сөзінше, форумды өткізуге 4,5 миллиард теңге жұмсалмақ.

- 4,5 миллиард – шамамен алынған сома. Біз оны оңтайландыруға тырысамыз. Бірақ бізге шамамен осы сома керек. Негізінен бұл деңгейдегі форумдар үшін қалыпты сома, дейді Жұманғарин. 

ФОРУМ ҚАШАН ӨТЕДІ

Айта кетейік, Астана халықаралық форумы 29-30 мамыр аралығында өтеді. Шара Астанадағы Астана Конгресс орталығында өтеді.