Астанада кәсіпкер Ольга Әбдіғаппарова ұсталды, ол - алаяқтық жасағаны үшін сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың жұбайы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Алматы полициясының мәліметінше, ол Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің үлескерлерін алдау бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша тергеуден өтіп жатыр.
Алматы полиция департаменті Әбдіғаппарованың бірнеше үлескердің арызынан кейін қылмыстық іс фигурантына айналғанын растады.
- Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Азаматша А. күдікті деп танылды. Ол Астана қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
АЛМАС АБДЫҒАППАРОВ
Алмас Әбдіғаппаров 2021 жылы Esentai City-дегі жылжымайтын мүлікті сату кезінде 418,6 миллион теңгені жымқырғаны үшін қамауға алынған. 2022 жылы сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырған.