×
501.31
520.11
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.31
520.11
5.33

Шұғыл ақпарат: екі өңірде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Шұғыл ақпарат: екі өңірде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ulysmedia.kz коллажы

Екі өңірде ауа райына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

8 ақпанда сағат 12:40-та ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық автожолда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

"РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

"РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 8 ақпанда сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.