×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қазақ кәсіпкерлері Украинаға кезекті гуманитарлық көмекті көрсетті

10.02.2025, 08:33
Қазақ кәсіпкерлері Украинаға кезекті гуманитарлық көмекті көрсетті
Фото П. Троценко

Украинаның Қазақстандағы елшілігі көмек көрсетілгені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК

Кеше елшілік Украинаға генераторлар партиясы түрінде қазақстандық бизнес-топтар мен компаниялар жинаған кезекті гуманитарлық көмекті жіберген.

Аталған көмек Украинаның әлеуметтік саласының аса маңызды объектілерінің: медициналық мекемелердің, мектептердің қызметін қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл әсіресе Украинаның қалалары мен ауылдары энергетикалық нысандар бойынша Ресейдің тұрақты шабуылдарынан зардап шеккен кезде қажет. Украиналық рух пен жеңіске деген ерік-жігер мызғымас, бірақ басқа елдер көрсеткен достық көмек біздің тұрақтылығымызды нығайтады, – делінген хабарламада.

Елшілік қажетті гуманитарлық көмек көрсеткені үшін, әсіресе қыс мезгілінде және Украинаның энергетикалық инфрақұрылымдарына үзіліссіз  шабуылдар болып жатқан жағдайда алғысын білдірді.

Қазақстан азаматтары Украинаға соғыс қимылдары басталғаннан кейін бірден 2022 жылдың ақпанында көмектесе бастаған. Бірнеше күн ішінде Қазақстанда дәрі дәрмек және басқа да гуманитарлық көмек сатып алу үшін 20 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілген еді. Үкімет жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия сол тұста Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдаған.