Жетісу облысында аудандық сот төрағасы жемқор деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Жетісу облысында аудандық сот төрағасына қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты тергеу басталды.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, әңгіме Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденовке қатысты болуы мүмкін.
АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ
Антикор бұл ақпаратты Ұлысмедиа тілшісіне растады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты жемқорлыққа күдікті ретінде тергеу жүргізіп жатқанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды, деп хабарлады ведомство өкілдері.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Байзақта полиция бөлімі басшысының орынбасары ауыр қылмыс жасап ұсталған болатын. Өңірлік прокуратураның мәліметінше, 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арыз түскен. Алайда бұл іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелмеген.