63 МЫҢ ОТБАСЫ
Прокурорлар «Бақытты және Қауіпсіз Балалық Шақ» жобасы аясында прокурорлар балаларға қатысты қауіп немесе зорлық-зомбылық фактілерін анықтау үшін 63 мыңнан астам отбасына барды.
НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ
- Қамқоршыларға, асырап алушыларға, ата-аналарға және басқа да тұлғаларға қатысты 93 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды;
- 11 мың ата-ана мен заңды өкілдер бала тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
- 342 бала аса ауыр жағдайға тап болғандықтан, қолайсыз отбасылардан мемлекет қамқорлығына алынды.
ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІ
- 54 ата-ананың құқықтарын шектеу және 92 ата-ана құқығынан толық айыру туралы талап-арыздар берілді;
- 2 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді (алғашқы көмек заттары, азық-түлік, оқу құралдар, көмір және басқалары);
- 1 мыңнан астам отбасыға тұрғын үй мәселесі бойынша қолдау көрсетілді;
- 10 мың отбасыға медициналық және әлеуметтік көмек ұсынылды;
- Балаларға 4,5 млрд теңге көлемінде алимент өндіріп алынды.
URPAQ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ
Бұл жоба отбасылардағы жасырын зорлық-зомбылық түрлерін анықтауға бағытталған. Ол зардап шеккендерге психологиялық және заңдық қолдау көрсету бойынша кешенді көмекті қамтиды.
ЖОБА НӘТИЖЕСІ
- ШҚО-да екі буллинг фактісі тоқтатылды: 12 жастағы балаға жасалған қорлық және колледж студентіне көрсетілген қысым. Кінәлілер тәртіптік жазаға тартылып, профилактикалық жұмыс жүргізілді;
- Қорқытып ақша алу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Мысалы, 16 жастағы студент жасөспірімдерден ақша талап етіп, оларға пышақпен қоқан-лоқы жасаған. Басқа мектепте жоғары сынып оқушылары 7-сынып оқушысынан ақша бопсалаған. Кінәлілер мектепішілік есепке алынып, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.