2024 жылы қазақстандықтар банкоматтардан 25,4 трлн теңгені қолма-қол ақша шешіп алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША
Былтыр қазақстандықтар банкоматтар арқылы 25,4 трлн теңге қолма-қол ақша шығарып алған, бұл 2023 жылғы 22,9 трлн теңгемен салыстырғанда 11%-ға көп. Мамандар қолма-қол ақша ең көп шешілген үш өңірді айтты:
Қазір әрбір қазақстандыққа шаққандағы қолма-қол ақша көлемі 218 мың теңге, ал 2023 жылы 184 мың теңге болған.
РЕКОРД
Сонымен қатар, сарапшылардың сөзінше, қолма-қол ақшасыз төлемдер рекордтық деңгейге жетті. Банк карталары арқылы жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 165 трлн теңгеге жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Бұл көрсеткіш елдің ЖІӨ-нің 123%-ы.
POS-ТЕРМИНАЛДАР
Сондай-ақ, POS-терминалдар саны едәуір көбейген: қазір 1000 адамға шаққанда 68 құрылғыдан келеді. 2023 жылы мың адамға 53 құрылғыдан болған.
Сарапшылардың сөзінше, бұл көрсеткіш шығындардың көбеюі және қолма-қол ақшасыз төлемдермен көп төлеумен байланысты.