×
510.49
527.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.49
527.29
5.27

Арыстанбек Мұхамедиұлының аштық жариялағаны өтірік, тамағын ішіп жүр – ҚАЖК

11.02.2025, 08:10
Арыстанбек Мұхамедиұлының аштық жариялағаны өтірік, тамағын ішіп жүр – ҚАЖК
Ulysmedia коллажы

Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару жүйесі комитеті экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін тексеру басталатынын Ulysmedia.kz тілшісіне хабарлады.

КОМИТЕТ НЕ ДЕЙДІ

Сотталған адамның аштық жариялағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол тамағын ішіп жүр, мұны бейнебақылау камераларының жазбалары растайды. Одан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Тәртіпке сәйкес сотталған адам ұялы телефон ұстай алмайды. Оның атынан әлеуметтік желілерде жазба жариялау фактісі бойынша тексеру жүргізіледі. Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған, – деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі портал тілшісіне.

ӘҢГІМЕ НЕДЕН ШЫҚТЫ

Күні кеше экс-министртің парақшасында аштық жариялайтыны туралы жазба жарияланған еді. “Мен аштық жарияладым, себебі әу бастан мен өзімді кінәсізбін деп есептеймін” делінген постта.

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ІСІ

Еске салайық, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылы қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Экс-министрмен қатар ұлттық музей басшысы болған Алмас Нұразхан, «Экспонат» мердігер ұйым директорының орынбасары Азамат Көшенов пен осы компанияның есепшісі Айым Сәдуақасова 7 жылға сотталды. Олар қылмыстық заңбұзушылыққа қатысты деген айыппен кінәлі деп танылды. Сот шешімімен 6 жасар қызы бар, жалғызбасты Айым Сәдуақасованың баласы Сәдуақасованың туыстарының біріне немесе қамқорлық мекемесіне тапсырылған.

ПАРА БЕРУГЕ ӘРЕКЕТ

Былтыр 13 ақпанда экс-министрінің қамау мерзімі ұзартылып, ол аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасағаны үшін үкімі 8 жылдан 11 жылға ұлғайды. Оның әйелі Ғалия Ысқақова пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салумен алты айға бас бостандығынан айырылды.