×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның жұбайына үкім шықты

13.02.2024, 15:58
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұрын 8 жылға сотталған экс-министрге түрмеде жазасын өтеу мерзімі тағы ұлғайтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экс-министрінің қамау мерзімі ұзартылып, ол аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасағаны үшін үкімі 8 жылдан 11 жылға ұлғайды. 

Оның әйелі Ғалия Ысқақова пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салумен алты айға бас бостандығынан айырылды.

Адвокат Мұстахим Төлеев алаяқтық бабы бойынша 6 жыл 8 айға сотталып кетті.

Оларға қандай айып тағылды

Тергеу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деп (ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі), әйелі парақорлыққа делдалдық жасады деп (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) және Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) айыпталған. 

– М. (Арыстанбек) 2022 жылдың желтоқсанында Астана қаласының тергеу изоляторында болған кезінде қамаудан босатылып, «Д» қонақ үйін меншігінде ұстап қалғысы келіп, адвокат Т. арқылы лауазымды тұлғаларға аса ірі мөлшерде пара беруге қылмыстық ниет білдірді, бұл ретте өзінің жұбайы И.-ны парақорлыққа делдал ретінде тартуға шешім қабылдады. Әрі қарай, жұбайы М.-мен келісіп, Т.-мен келіссөздер жүргізіп, заңсыз ақшалай сыйақыны лауазымды адамдарға беру туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында Т.-ға М.-ның пара беруге дайындығы туралы хабарлады. 2022 жылдың желтоқсанында И. кафеде «Д» қонақ үйінің мәселесін шешу үшін Т.-ға 140 мың АҚШ долларын жеке өзі табыстады. 2023 жылдың қаңтарында жұбайы Т.-ның көлігінде делдал рөлін атқара отырып, М.-ға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін 120 мың АҚШ долларын өзі тапсырды, – делінген сот хабарламасында.

2023 жылдың сәуірінде экс-министрдің әйелі жүргізушісі арқылы адвокатқа жазасын жеңілдету үшін тағы да 100 мың АҚШ долларын бергені хабарланады.

– 2023 жылдың маусымында ол тағы да делдал рөлін атқара отырып, өзінің ұлы арқылы Т.-ға 27 млн. теңге және 40 мың АҚШ доллары сомасында ақша берді. Т. алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ақшаны иемденіп, оларды өз қалауы бойынша басқарды, – делінген сот хабарламасында.

Тараптардың ұстанымы

Сотта прокурор айыптауды қолдап, экс-министрді 12 жылға, әйелін 1,5 жылға, адвокатты 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруды сұраған.

Экс-министр бұған дейін не үшін сотталды?

Еске салайық, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлымен қатар Ұлттық музей басшысы болған Алмас Нұразхан, «Экспонат» мердігер ұйым директорының орынбасары Азамат Көшенов пен осы компанияның есепшісі Айым Сәдуақасова 7 жылға сотталды. Олар қылмыстық заңбұзушылыққа қатысты деген айыппен кінәлі деп танылды. Сот шешімімен 6 жасар қызы бар, жалғызбасты Айым Сәдуақасованың баласы Сәдуақасованың туыстарының біріне немесе қамқорлық мекемесіне тапсырылатын болды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылдың 28 мамырында қамауға алынған болатын.

Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілді. Бұдан басқа, А. Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілді.

Ал таяуда антикордың ресми өкілі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «қосымша эпизодтарды» атаған еді.

Серіктес жаңалықтары