×
510.49
527.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.49
527.29
5.27

Дауыл, бұрқасын, боран - синоптиктер болжамы

Бүгін, 00:05
Дауыл, бұрқасын, боран - синоптиктер болжамы
Әлеуметтік желіден

12 ақпан күні Астана мен Қазақстанның 16 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысы

Күндіз облыстың батысы мен орталығында аздаған қар, бұрқасын, солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Қарағанды қаласында тұман болжануда.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында да тұман түседі.

Алматы облысы

Облыстың оңтүстігінде шығыс желі 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жетісу облысы

Шығыс бөлігінде және тау бөктерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысы

Түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған қар жауады, бұрқасын болады, күндіз солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде қар жауып, бұрқасын күшейеді.

Жамбыл облысы

Түнде облыстың оңтүстігі мен тау бөктерлерінде қар жауады, бұрқасын соғады, ал күндіз оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысы
Облыстың батысы, оңтүстігі және тау бөктерлерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да ауа райы қолайсыз болады.

Маңғыстау облысы

Облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтау қаласында да осындай ауа райы болжануда.

Абай облысы

Солтүстік және орталық бөлігінде бұрқасын, ал шығыс пен оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысы

Солтүстік-шығыс бөлігінде бұрқасын, ал шығыс пен оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысы

Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады.

Қостанай облысы

Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Солтүстік бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысы

Облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі, ал оңтүстік-батысында тұман болады. Петропавл қаласында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Астана қаласы

Түнде және таңертең тұман күтіледі, ал күндіз желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ақмола облысы

Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде бұрқасын, ал солтүстік, шығыс және оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Төтенше жағдайлар қызметі жолға шығатын жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.